Қазақстан құрамасы футзалдан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты
Люблянада өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионатының ширек финалдық матчында Қазақстан құрамасы Сербияны 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Алғашқы таймның 8-минутында Қазақстан сапынан Серік Жаманқұлов есеп ашты. Екінші таймда Тайнан гол салып, есепті 0:2-ге жеткізді. Қарсылас команда футболшысы Райчевич ойынның 36-минутында гол соқса, Дуглас Жуниор матчтың соңғы секундтарында Сербия қақпасына гол салып, ойынның нүктесін қойды.
Матчты айқын басымдықпен жеңген Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Олардың келесі қарсыластары бүгін түнде Украина-Испания арасында өтетін матчтан соң белгілі болмақ.
Еске сала кетсек, 2017 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанған болатын.
Назерке Абибулла
https://baq.kz/kk
Пікір 2