Қызылордада жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті

Чемпионат қорытындысы бойынша Қызылорда облысының №6 мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебі І орын алды. ІІ орынды Шымкент қаласының №17 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі иеленсе, ІІІ орынды Ақтөбе облысының №8 мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебі жеңіп алды.
Сонымен қатар чемпионат барысында үздік деп танылған ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды.
«Үздік қақпашы» -Алиакбар Әбілхайыр (Қызылорда)
«Үздік қорғаушы» – Баймұратұлы Алихан (Ақтөбе)
«Үздік жартылай қорғаушы» – Ауладин Бейбарыс (Ақтау)
«Үздік шабуылшы» – Қалан Аян (Шымкент)
«Үздік ойыншы» Қоныспай Бексұлтан (Қызылорда)