Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Egemen-Cup" турнирі мәреге жетті

"Egemen-Cup" турнирі мәреге жетті


"Егемен Қазақстан" газетінің 98 жылдығына жəне Тəуелсіздіктің 26 жылдығына орай елордадағы "Астана Арена" спорт кешенінде БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан өткен "Egemen-Cup" турнирінің жеңімпаздары белгілі болды.
18 команда қатысқан жарыстың нәтижесі бойынша бірінші орын "Хабар" командасына бұйырды. Екінші орынды "Елорда Ақпарат", үшінші орынды "Қазмедиа" командасы алды. Сонымен қатар "Елорда Ақпарат" командасының ойыншысы Азамат Нұрматов "Үздік қақпашы", "Егемен Қазақстан" командасының ойыншысы Еркебұлан Алдабергенов "Үздік қорғаушы" деп танылды.
"Үздік шабуылшы" марапаты Әділбек Жақановқа, "Үздік ойыншы" Нұрсұлтан Қабылбекке, "Көрермен көзайымы" Берік Уәлиге берілді. "Ақмешіт" командасын бастап келген Ержан Байтілес "Үздік бапкер" номинациясын, Ғалым Қожабек "Белсенді жанкүйер" номинациясын жеңіп алды.
19 желтоқсан 2017 ж. 1 198 0