Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АУДАНДЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

АУДАНДЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ауданда қызметкерлер арасында волейболдан аудан ашық біріншілігі өтті. Біріншілікке 10 команда қатысты.  
Екі күнге созылған аудан біріншілігінде І орынды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері жеңіп алды. Ал II орынды №11 Сырдария аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушылары иеленді. Жүлделі III орынға №126 мектеп мұғалімдері ие болды. Сондай-ақ, жарыста “Үздік үйлестіруші” Төленова Құндызай (№11 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі), “Үздік либеро” Құлша Әсемкүл (аудандық спорт бөлімі), “Үздік шабуылшы” Сүлеймен Гүлмайра (№126 мектеп), “Үздік қорғаушы” Қожамұратова Салтанат (Агро – техникалық колледж), “Ең пайдалы ойыншы” Ешпанова Гүлбаршын (спорт клуб), “Үздік ойыншы” номинациясымен Алмашова Гүлстан (№11 балалар- жасөспірімдер спорт мектебі) марапатталады. 
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Е.БЕРКІНБАЕВ

06 наурыз 2018 ж. 1 402 0