Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Шабандоздар жеңімпазды анықтады

Шабандоздар жеңімпазды анықтады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Наурыз мерекесіне арналған қалалық ипподромда теңге ілу мен жамбы атудан жарыстар өтті.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген ұлттық ат спорты жарыстарына Қызылорда қаласы мен аудандардан 30 шабандоз қатысты.

Жарыста Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласының ұлттық спорт клубының спортшылары мықтылықтарын дәлелдеді.

"Теңге ілу" сайысында Жаңақорған ауданының мықтылары Дәулет Ағайдар 4 ұпаймен бірінші орынға табан тіресе, Алтай Қоңқаев күміс жүлдеге, ұлттық ат спорты клубының спортшысы Алихан Рамисов үшінші орынға лайық деп танылды.

"Жамбы ату" жарысында #7 ОРМБЖМ -нің спортшылары жылдамдықпен қатар мергендіктерін де көрсете білді.

Ғалымжан Өміртай жарыс жеңімпазы атанса, күміс жүлде Ағаділ Пернебайға, қола медаль Берік Пернебайдың еншісінде кетті.

Сондай-ақ, аударспақ шеберлерінің көрінісі өтті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге диплом, медаль және естелік сыйлықтар берілді.
21 наурыз 2021 ж. 592 0