Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық спортшылар Қазақстан спартакиадасының жеңімпазы атанды

Қызылордалық спортшылар Қазақстан спартакиадасының жеңімпазы атанды

Алматы облысы Талдықорған қаласында көгалдағы хоккейден Қазақстан Ресубликасының 5-ші жазғы Спартакиадасы өтті.
 Дүбірлі бəсекеде Сыр спортшылары табысты өнер көрсетіп, өздерінің тағы бір мықтылықтарын дəлелдеді.
Əйелдер командасы ел спартакиадасының жеңімпазы атанса, ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, жақында ғана Чонбури (Тайланд) қаласында индорхоккейден өткен Азия кубогында əйелдер 1-орынды, ерлер құрамасы 2-орынды еншілеген болатын.
Спортшылар енді 25-30 тамыз аралығында Алтай өлкесі Барнаул қаласында Ресей федерациясының 3-айналымына жəне 31 тамыз - 6 қыркүйек аралығында Талдықорғанда Орталық Азия кубогы жарыстарына қатысады.
"Қайсар" ойын түрлері бойынша спорт клубының спортшыларын жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.


kyzylorda-news.kz
07 тамыз 2019 ж. 842 0