Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қолды бүгіп жазудан онлайн жүйеде жарыс өтті

Қолды бүгіп жазудан онлайн жүйеде жарыс өтті

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай қоссырықта қолды бүгіп жазудан (отжимания на брусьях) ерлер арасында Қызылорда облысының жекелей жарысы өтті.

Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен онлайн жүйеде алғашқы мəрте өткізілген жарысқа 18-23 жəне 24-29 жас аралығында 23 спортшы бақ сынасты.

Сайыс нəтижесінде Арал ауданының спортшылары мықтылықтарын дəлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді.

Атап айтсақ, 18-23 жас аралығында аралдық Данияр Кеңесов 1-орынды жеңіп алса, жаңақорғандық Қанжарбек Əбділдаев екінші, аралдық Рауан Амангелдиев үшінші орындарды иеленді.

24-29 жас аралығында Арал ауданының спортшысы Ғазиз Бектұрсын чемпион атанса, жалағаштық Ербол Ерғалиев 2-орынды, аралдық Ақберен Қуандықов 3-орынды еншіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, дипломдар берілді.

Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының баспасөз қызметі

28 тамыз 2020 ж. 655 0