Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ақсүйектер ойыны

Ақсүйектер ойыны

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрме­тіне аудандық ардагерлер кеңесі мен «Халықаралық «Қазақ ті­лі» қоғамдық бірлестігі Сырдария аудандық филиа­лының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында «Тәуелсіздік – тұғырым, туған тілім – қыдырым» атты бильярдтан турнир өткізілді.

Біріншілікті өткізудегі мақсат – тәуелсіздіктің маңызын және қазақ тілінің мәртебесін насихаттау. Турнирді ха­лықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ш.Нұрсейітов ашып, ауданымыздың серпінді дамуы тәуелсіздігіміздің жемісі екендігін атап өтті.

– Соңғы кезде ауданда тіл жана­шырларының қатары көбейе түсуде. Аудандық білім, денсаулық, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы мекемелерінде баста­уыш ұйым жұмыстары жандануда. Кент әкімдігі өзі бас болып және бірқатар балабақшалар жанынан жаңадан бастауыш ұйымдар құрылды. Тіл мәртебесінің артуы­на ардагерлер де үлгі көрсетіп, бүгінгі турнирді ұйым­дастырып отыр, – деді төраға.

Бильярд бәсекесі екі күнге созылды. Жақсы ойын өрнегін көрсеткен Амантай Есмағамбетов бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Мектепхан Елеусінов иеленсе, Тойым Айкөпешов үшінші орынға табан тіреді. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен сайыс­қа қатысушылар аудандық ардагерлер кеңесі мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Сырдария аудандық филиалының дипломы және «Алғыс хатымен» марапатталды.

Бибісара ЖАНӘЛІ 
02 наурыз 2021 ж. 802 0