ДОСТЫҚ ҮЙІ – ЫНТЫМАҚ ҰЯСЫ
Аудан орталығы Тереңөзек кентінен «Достық үйі» ашылып, ғимаратқа Үкіметтік емес ұйымдар орналастырылды.
Қазіргі таңда «Достық үйінде» аудандық ардагерлер Кеңесі, аудандық әйелдер Кеңесі, «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» аудандық филиалы, «Мүгедектер қоғамы» қоғаамдық бірлестігі, «Сырдария» қоғамдық қоры, «Қазақстан Халқы Ассамблеясының» аудандағы өкілдігі және басқа да үкіметтік емес ұйымдар жұмыс жасауда.
Аудан әкімдігінің қолдауымен аталған ғимаратта аудандық кітапхананың филиалы ашылып, интернетпен және байланыс телефондармен қамтамасыз етілді.
Бірлік пен берекенің ұясы саналған «Достық үйінде» аудан ардагерлерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, мәдени іс-шаралар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар тұрақты түрде өткізілуде.
2017 жылы аудан ардагерлерінің ұсынысы бойынша «Достық үйінің» жанынан «Бильярд бөлмесі» ашылды.
Бүгінде ардагерлер өз замандастарымен бірге бильярд ойнап, кітапханадан кітаптар оқып, бос уақыттарын тиімді пайдалауда.
Бұл жергілікті атқарушы органның ардақты ардагерлерге жасаған құрметі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.