Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№99

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сырдариялық тоғызқұмалақшылар турнир жеңімпазы атанды

Сырдариялық тоғызқұмалақшылар турнир жеңімпазы атанды

Жақында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатовты еске алуға арналған облыстық турнир өтті.

Турнир 46 спортшы арасында iggamecenter.com. сайтында онлайн түрінде ұйымдастырылды.

Турнир қорытындысында ер балалар арасында бірінші орынды Жантөре Аманқос, екінші орынды Ерасыл Пернебаев, үшінші орынды Дамир Ахметов пен Самат Қалдыбек алды.


Қыздар арасында бірінші орынды Әсем Дәуренбекқызы, екінші орынды Бекзат Әмір, үшінші орынды апалы-сіңілі Нұрай мен Нұрсила Мектепхан жеңіп алды.

Айта кету керек, облыстық турнир кезінде сырдариялық тоғызқұмалақшылар өз басымдығын көрсетіп, жеңімпаздардың көшін бастады.

Барлық жеңімпаздар Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломымен және естелік сыйлықпен марапатталды.

Бибісара ЖАНӘЛІ

15 қазан 2020 ж. 796 0