Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ


Жыл сайынғы дәртүрге айналған мәслихаттар арасындағы волейболдан жарыс биылғы жылы Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерекелеріне орай өткізілді. Волейболдан ІІІ облыстық турнир облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінен құралған 9 команда арасында болды.
Алғаш болып сөз алған Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, шараны ашып берді. Тартысты сайыс барысында дөп берілген соққылар мен командалық ұйымшылдыққа куә болдық.
Жарысты қорытындылайтын болсақ, І орынды Жаңақорған аудандық мәслихаты, ІІ орынды Сырдария аудандық мәслихаты, ІІІ орынды Қазалы аудандық мәслихаты иеленді. Турнир соңында жақсы ойын көрсетіп, белсенділігімен көзге түскен 9 ойыншы «Үздік ойыншы» номинациясымен, 3 ойыншы «Үздік шабуылшы» номинациясымен және 1 ойыншы «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.
Сонымен қатар, турнирді ұйымдастыруға ат салысқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы О.Акимовке, облыстық мәслихат депутаты К.Үйрековке және бас төреші А.Даутовке облыстық мәслихат хатшысының алғыс хаты табысталды.                                                     

02 шілде 2018 ж. 969 0