Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сырдариялық тоғызқұмалақшылар жүлдегерлер қатарында

Сырдариялық тоғызқұмалақшылар жүлдегерлер қатарында

Тоғызқұмалақтан жастар арасында Қызылорда облысының жекелей чемпионаты өтті. Чемпионат iggamecenter.com сайтында онлайн жүйеде ұйымдастырылып, оған сырдариялық тоғызқұмалақшылар қатысты.

Аймақтан қатысқан 50-ден аса спортшы тоғызқұмалақтың рапид түрі бойынша өзара бақ сынады.

Чемпионатта сырдариялық спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, ұлдар арасында Ерасыл Пернебай І орынды және Марлен Аманқос ІІІ орынды жеңіп алды. Ал қыздар арасында Нұрай Мектепхан ІІ орынды, Әсем Дәуренбекқызы ІІІ орынды иеленді.

Сондай-ақ жарыстың «Ең жас ойыншылары» қатарында сырдариялық Мөлдір Жандарбек бар. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және медальмен марапатталды.

Сырдариялық тоғызқұмалақшыларды жеңісімен құттықтаймыз!

21 шілде 2020 ж. 828 0