РЕСПУБЛИКАҒА 16 СПОРТШЫ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай аудандық жабық спорт кешенінде Сырдария ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Тұрғанбай Болғанбайұлын еске алуға арналған тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында 4-11 мамыр аралығында облыстық жекелей біріншілік өткізілді.
Тұрғанбай аға педагог, спортшы, білімді, парасатты азамат еді. Ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласты. Сонымен қатар ұлттық ойынның нағыз жанашыры болатын. Жасы 70-тен асқанда тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері атанды. Бұл оның осы спорт түріне деген үлкен құлшынысын көрсетеді. Сондай-ақ ол шахматқа, бильярдқа бейімділік танытатын. Тоғызқұмалақтан талай талантты шәкірттер тәрбиеледі. Олардың алды әлем чемпионы атанды.
Бес күнге созылған тоғызқұмалақтың 3 түрінен өткізілген облыстық біріншілікте сырдариялық 14 жасөспірім жүлделі орындарды жеңіп алып, республикалық жарысқа жолдама алды. Олар 15 жасқа дейінгі ұлдар арасында Жантөре Аманқос блиц пен рапидтен 1-орын еншілесе, классикадан 2-орын. Ерасыл Пернебаев классикадан 1-орын, блицтен-2 орын иемденді. Ал, 15 жасқа дейінгі қыздар арасында Әсем Дәуренбекқызы блицтен 1-ші, классикадан 2-ші, рапидтен 3-орынды жеңіп алды. 13 жасқа дейінгі ұлдар арасында Нұржігіт Сейілхан классикадан бірінші, блицтен екінші, Азамат Маратбеков блицтен бірінші, классикадан екінші, рапидтен үшінші орынды еншілеп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, Нұржан Ақылбеков блицтен үшінші орынды иемденді. 13 жасқа дейінгі қыздар арасында Нұрила Мектепхан классика мен блицтен бірінші орын жеңіп алса, Ұлжан Пазылбекқызы классика мен блицтен үшінші орынға тұрақтады. 11 жасқа дейінгі қыздар арасында Мөлдір Жандарбек тоғызқұмалақтың рапид түрінен бірінші орынды жеңіп алса, Жансұлу Ермағанбетова классикадан екінші, рапид пен блицтен үшінші орынды иемденді. Ал, Айым Ақылбек классикадан үшінші орынды, блицтен екінші орынды, Лизана Аубакирова блицтен бірінші орынды жеңіп алып, жарқын жетістікке жетті. 11 жасқа дейінгі ұлдар арасында тереңөзектік Дархан Нұрланұлы рапидтен үшінші орын, 9 жасқа дейінгі ұлдар арасында Есенжан Ахметов классикадан үшінші орынды жеңіп алды. Сөйтіп барлығы 14 жасөспірім алдағы болатын республикалық жарысқа жолдама алды. Мұнда Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Білімжан Елеусіновтың еңбегі зор. Бұдан басқа сырдариялық Дамир Ахметов пен Нұрай Мектепхан жас ҚР спорт шеберлері болғандықтан облыстық біріншіліктен тыс республикалық жарысқа баратын болды.
Облыстық біріншілік аудан әкімдігінің қолдауымен №11 аудандық олимпиадалық резервтік мамандандырылған жасөспірімдер мектебінің ұйымдастыруымен, Т.Болғанбайұлының балаларының, ағайын-туыстарының демеушілігімен өткізілді.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ