Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Токио Олимпиадасы 1 жылға шегерілді

Токио Олимпиадасы 1 жылға шегерілді

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Халықаралық Олимпиада комитетініне төртжылдықтың басты додасын 1 жылға шегеруді ұсынды, деп хабарлайды massaget.kz

Коронавирус пандемиясының өршіп тұрған уақытында ХОК басшысы Томас Бах ұсынысты қабылдаған. Биыл 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі қажет болған Олимпиада ойындары 2021 жылға қалды. Әзірге нақты қай мезгілде өтетіні анықталған жоқ.

"Олимпиаданы өткізбеу - қате болатынын түсіндік. Сондықтан спортшылар Олимпиадаға нағыз бабында келу үшін, ал көрерменге қауіпсіз болу үшін бір жылға шегеруді шештік", - деді Синдзо Абэ.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты әлемде барлық ірі спорттық іс-шаралар тоқтады. Жақында футболдан Еуропа чемпионаты да бір жылға шегерілгені белгілі болған еді.
25 наурыз 2020 ж. 671 0