Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛБАСЫ ЖАПОНИЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

ЕЛБАСЫ ЖАПОНИЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ


Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Жапониядағы нөсер жаңбыр мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Табиғи апат салдарынан жақындарын жоғалтқан және зардап шеккен отбасылардың, сондай-ақ бүкіл Жапония халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының осындай ауыр сәтте Жапония халқымен бірге екенін жеткізіп, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

10 шілде 2018 ж. 997 0