Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық мектеп лигасы

Ұлттық мектеп лигасы

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 37 мектеп-лицей және жаңа спорт кешені базаларында мектеп оқушылары арасында "Ұлттық мектеп лигасының" баскетболдан "Алтын доп" және шахматтан "Ақбозат" спорт түрлерінен іріктеу жарыстары өтті.

Баскетбол "Алтын доп" спорт түрі 9-11 сынып (ұл-қыз) оқушылары арасында және шахмат "Ақбозат" 5-6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Аудандық жарысқа 288 оқушы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша шахмат "Ақбозат" спорт түрінен І орынды № 129 мектеп-лицей, ІІ орынды № 126 орта мектеп, ІІІ орынды № 135 орта мектеп командалары жеңіп алды.

Баскетбол "Алтын доп" спорт түрі бойынша (қыздар арасында) І орынды № 37 мектеп-лицей, ІІ орынды № 129 мектеп-лицей, ІІІ орынды № 42 мектеп-лицей командалары жеңіп алды. Ұлдар арасында жүлделі І орынды № 210 орта мектеп, ІІ орынды № 37 мектеп-лицей, ІІІ орынды № 147 орта мектеп командалары иеленді. Аудандық іріктеу жарыстарының жеңімпаздары облыстық жарысқа жолдама алды.

30 қаңтар 2020 ж. 1 048 0