Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

№20 газет

18 наурыз 2025 ж.

№19 газет

15 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » "Әскерге шақырылушы – 2020" сайысы өтті

"Әскерге шақырылушы – 2020" сайысы өтті

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Т. Айтбаев атындағы N 132 орта мектеп базасында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында "Әскерге шақырылушы – 2020" әскери-қолданбалы спорт түрінен аудандық жарысы өтті.

Аудандық жарыстың мақсаты – оқушыларды ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери-спорттық ойын арқылы мектеп оқушыларына бейбітшілік, бірлік, келісім ұғымын насихаттау, патриоттық сезімін ояту болды.

Аудандық жарысқа 60 оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі І орынды №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектеп командасы, ІІ орынды №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицей командасы, ІІІ орынды №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей командасы жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы диплом мен алғыс хатпен марапатталды.

"ТТ" ақпарат
22 қаңтар 2020 ж. 928 0