Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Эстафеталық жарыста кім жеңімпаз атанды?

Эстафеталық жарыста кім жеңімпаз атанды?

Кент орталығындағы №2 «балдәурен» балабақшасында тәрбиеші әсел төлегенованың ұйымдастыруымен «Біз шыныққан баламыз» тақырыбында эстафеталық жарыс өтті. Оған «қарлығаш» ересектер тобының бүлдіршіндері қатысты.
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастару мақсатында өткізілген жарыс 4 кезеңнен тұрды. Жарыстың шымылдығын «Жас қыран» және «Жас ұлан» тобының мүшелері өздерінің таныстыруымен ашты. «Кім жылдам?» сайысында әр қатысушы кубикпен жүгіру арқылы мәреге бірінші жетуге талпынды. «Қапшықпен секіру» сайысында олардың жылдамдығы мен ықшамдығы сараланды. Ал үрлемелі атпен секіру барысында кедергілерден мүдірмей өту талабы қойылды. Дәлдік пен сауатты іс-қимылды қажет ететін «Кеглиді доппен құлату» сайысында қатысушылар жеңімпазды анықтады.
Осылайша дене белсенділігін арттырып, бүлдіршіннің спорттық қабілетін шыңдауға септігін тигізген жарыста ерекше ойынымен даралағандар марапатталды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
29 желтоқсан 2019 ж. 1 574 0