Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!

БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!

"Жақсы әдеттер марафоны" ұлттық бағдарлама аясында "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" ұранымен жақында Тереңөзек кенті №2 балабақша ұжымының ұйымдастыруымен ЖШС "Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" мамандары мен Сырдария аудандық тауарлар мен көрсетілім қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарының қатысуымен "Көңілді старттар" эстафеталық сайысы ұйымдастырылып өтті. Балабақшаның "Қарлығаш" және "Ботақан" тобының бөбектері тартысты ойын көрсете білді. "Қарлығаш" тобының мүшелері Мергендер, Кім суды көп жинайды? және Арқан тарту сайыстарында жеңімпаз болса, "Ботақан" тобы Таныстыру, Кім шапшаң? және Жүйірік паровоз ойындарында жақсы дайындық көрсетіп финишта теңеле түсті. Я, 28:28 ұпаймен ДОСТЫҚ жеңді.
 ЖШС "Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының" арнайы дайындалған Алғыс хаттарымен жарысқа қатысқан бөбектер марапатталып, және алдағы уақытта қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ ойының балалар арасында дәріптейді- деген ниетпен тоғызқұмалақ ойын тактасы балабақша ұжымына сыйға берілді. Іс шараны басынан аяғына дейін жүргізіп, ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласқаны үшін жас маман Ыбайділдаева Аружан Шәкизадақызына арнайы Алғыс хат табысталды.
Г. Жаналиева,
ЖШС «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» Сырдария ауданы бойынша маманы 
30 маусым 2019 ж. 1 481 0