Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Батыр атындағы турнир

Батыр атындағы турнир

ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, полиция аға лейтенанты Талғат Қозыбаевты еске алуға арналған бокс­тан мектепішілік турнир өтті. Спорт бәсекесіне боксқа құмар оқушылар қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында өшпес ерлік көрсетіп, қызмет батында бақилық болған Талғат Қозыбаевтың әкесі Есентай Қозы­баев, №131 орта мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Зайдағали Жүсіпбаев, спорт ар­да­гері Жарбол Зкиряев сөз сөйлеп, батыр ұл туралы естеліктер айтты. Кейін жас спортшылар батырдың ес­керт­кіш бюстіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Бокс бәсекесінде жас спортшылар төрт салмақ дәрежесінде қолғап түйіс­тіріп, қызу ойын өрнегін көрсетті. Атап айтқанда, 20 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды Ғ.Зайдағали иеленсе, екінші орын Н.Жомартбековке бұйырды. Ал 22 келі салмақ бойынша бірінші орын Б.Сәбитұлы, екінші орын Д.Жұмабеков, үшінші орын Н.Пер­небаевқа бұйырды. 24 келі сал­мақта бірінші орынды Р.Смайлов, екін­ші орынды Қ.Ибраимов, 28 келіде бірінші орынды Б.Сәбитұлы, екінші орын­ды А.Рамазанов, үшінші орынды Ж.Маратұлы иеленді. Жеңімпаздар Алғыс хатпен марапатталды.

Майя ҚОЖАБАЙ

02 қараша 2019 ж. 930 0