Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Еліміз бекем бірлігін көрсетуге тиіс

Еліміз бекем бірлігін көрсетуге тиіс

Кезектен тыс президенттік сайлау туралы шешім қабылдау, Мемлекет басшысы айтқандай, өте маңызды әрі аса қажет қадам. Мұндай кездерде елдің бірлігіне сызат түспеуі керек. Қазір Қазақ еліне бүкіл әлемнің назары ауып тұрған шақ.
Президенттің өкілеттілігі 19 наурызда тоқтатылып, Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде тағайындалған болатын. Енді бүкілхалықтық сайлау арқылы заңды мемлекет басшысы сайланады, сондықтан оны созбай биыл 9 маусымға қойғанын біз бірауыздан қолдаймыз. Конститутция бойынша сайлаудың өтетіні екі ай бұрын жариялануы тиіс. Үндеуде айтылған тағы бір мәселе, сырттан көз алартып отырғандардың  және ішімізде де түрлі пиғылды топтардың бар екендігі. Дегенмен еліміз өзінің бірлігін көрсетіп, осы сайлаудың таза өтуіне атсалысады деген ойдамын.

Бауыржан ЖАҚЫП,
Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы
Басқарма Төрағасының орынбасары.
egemen.kz

16 сәуір 2019 ж. 980 0