Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді

9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Ағымдағы жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды үндеу жариялағалы отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын  2019 жылдың 9 маусымда өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палатасының спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау өте маңызды әрі қажетті қадам», - деді Қ.Тоқаев.  

09 сәуір 2019 ж. 1 330 0