Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев президент сайлауына қатыса ма?

Тоқаев президент сайлауына қатыса ма?

Биылғы жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Құрманғали оның сайлауға қатысатын-қатыспайтынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап Stan.kz.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, республикалық қоғамдық бірлестіктер, сонымен қатар саяси партиялар президенттікке үміткерді ұсынуға құқылы. Осыған байланысты, президенттік науқанға үміткер ретінде қатысу туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктердің (саяси партиялардың – ред.) жоғары органдарының (съезд – ред.) шешімі ескеріле отырып қабылданады», - дейді Берік Құрманғали. 
Айта кетсек, бүгін, 9 сәуірде, Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы мәлімдеді. Кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.
09 сәуір 2019 ж. 919 0