САЯСИ НАУҚАННЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел халқына республикалық телеарналар арқылы Үндеу жариялады.
Жалпы, елімізде әлем халқының назарын аудартқан маңызды науқан орын алуға жақын. Бүгін Мемлекет басшысы өз мәлімдемесі арқылы еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылданғанын білдік. Алдағы сайлау Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болып саналады. Себебі, тағдырлы шешім Қазақстанның қарқынды өркендеуіне септігін тигізері хақ. Тәуелсіздік алған жылдардан бергі тұрақтылық пен ынтымақтастық бағытты әрмен қарай жалғау үшін Мемлекет басшысын сайлап алған жөн. Сондықтан сайлау науқанының маңызы зор және оның елімізде кезектен тыс орын алуы құптарлық жағдай.
Қазақ елі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімін бірауыздан қолдайтыны сөзсіз. Қазіргі уақытта ынтымағы жарасқан қазақ халқымен бүкіл әлем санасатын дәрежеге жетті. Осы дәрежені сақтап, одан әрі жоғары биікке көтерілу үшін ел-халықты науқанға белсене қатысуға шақыра отырып, сайлаудың әділ, бейбіт түрде өтеріне сенім білдіремін.

Хайролла ӘБЕНҰЛЫ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы