Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кезекті ХІV сессия өтті

Кезекті ХІV сессия өтті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті ХІV сессиясы өтіп, оның күн тәртібінде 9 мәселе қаралды.

Сессия жұмысының бірінші мәселесінде «Ұлттық мұра» жобасынының аудан көлемінде іске асырылуы қаралып, аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Төрәлиев хабарлама жасады. Бөлім басшысы «Ұлттық мұра» жобасын насихаттау, дамыту мақсатында ауданның мәдениеті мен шығармашылығы саласында көптеген жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды.

Оның қатарында Сырдария ауданынан шыққан ақын-жазушылардың мұраларын, өнерпаздар мен әншілердің ән таспалары мен дауыстары, сазгерлердің әндері, "Қазақ радиосының" мұрағатында сақталған жазбалар қайта өңделіп, жарыққа шыққан «Арнасын жыр кернеген Сырдария» атты антологиясы бар. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойында туған жері мен оның тарихы, жер-су атаулары, табиғаты, тарихи тұлғалары мен қайраткерлері туралы сана-сезімді қалыптастыру мақсатында «Тереңөзек» және «Сырдария» сериясымен 3 кітап, «Сырдария (Тереңөзек) ауданы» шежірелі кітабы, Бесарық, С.Сейфуллин, О.Мәлібаев ауылдары туралы кітаптар жарық көрген. Тұлғалардың өмірі мен шығармашылықтары насихатталып, тарихи-мәдени ескерткіштер қайта жаңғыртудан өткізілген. Бөлім басшысы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Сессия барысында аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы сөз сөйлеп, депутаттардың ауданды дамытуға атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдірді. Сондай-ақ, бүгінде елді мекендердегі халықтың мәдениет нысандарына қолжетімділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдерді мәдени тәрбиемен қамту, олардың бос уақыттарында шығармашылық үйірмелермен айналысуына жағдай жасау үшін мәдениет мекемелерінде аймақ басшысының тапсырмасымен «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығы ұйымдастырылып жатқанын атап өтті. Осы жұмыстарға халық қалаулылары да өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.

Мұнан соң аудандық мәслихаттың қаржы және бизнес, экономика, өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, коммуналдық шаруашылығы, жөніндегі және білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссияларының есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 69 шешіміне өзгерістер енгізу, 2024 жылға Сырдария ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну, «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қазандағы № 343 шешіміне өзгерістер енгізу, Тереңөзек кенті мен Шіркейлі ауылының көшелеріне атау және қайта атау, «Сырдария ауданын басқару схемасын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 141 шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Барлық мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
21 ақпан 2024 ж. 164 0