Аудан әкімі кезектен тыс сессияға қатысты
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 9 сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов төрағалық етті және жиынға аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары қатысты.
Кезектен тыс сессияның күні тәртібінде 5 мәселе қаралды. Атап айтқанда, «2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №175 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Ахетов, «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің көшелеріне атау беру және қайта атау туралы» Тереңөзек кентінің әкімі Е.Бахтияров және «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылының көшесін қайта атау туралы» аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Төрәлиев хабарлама жасады.
Сондай-ақ жиында Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы №40 «Сырдария ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану жөнінде аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Сәдуақасов пен «Сырдария аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің штаттық құрылымын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы №385 шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Г.Божан түсініктеме жасады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралып болған соң аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы халық қалаулыларына ауданды дамытуда бірлесе жұмыс атқаруды атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі