Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы тағайындалды
Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Жылқыбай Айбек Жамалұлы қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Айбек Жамалұлы 1979 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласындағы «КСІ» ЖШС сауда жөніндегі менеджері болып бастаған.
2002-2003 ж.ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш кентіндегі 28237 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген;
2004-2011 ж.ж. ҚР ТЖМ Қызылорда қаласының «Жедел-құтқару жасағы» ММ-де құтқарушы, бөлімше бастығы, бас құтқарушы-баспасөз-хатшысы, бас маманы;
2011-2012 ж.ж. «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-де жоғары санаттағы маман, бөлім бастығы;
2012-2016 ж.ж Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы» КММ-де бөлім бастығы;
2016-2020 ж.ж «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ-де бөлім басшысы;
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.