Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қалалық мәдениет бөлімінің басшысы тағайындалды

Қалалық мәдениет бөлімінің басшысы тағайындалды

Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап Әбілдаев Нұрсұлтан Алтынбекұлы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Нұрсұлтан Алтынбекұлы 1986 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын жеке кәсіпкерлік мекемеде шебер болып бастаған.2012-2016 жылдары Қызылорда облысының әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің инспекторы, жетекші маман қызметтерін атқарған.

2016 жылы Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі;

2016-2017 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы;

2017-2018 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы;2018-2019 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы;

2019 жылдан бастап осы кезге дейін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.
14 желтоқсан 2021 ж. 966 0