Жаңа бөлім басшысы тағайындалды
Сырдария ауданы әкімінің өкімімен Қарсақбаев Нұрлан Әнуарбекұлы Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Қарсақбаев Нұрлан Әнуарбекұлы 1982 жылы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2005 жылы Орта Азиялық Университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Сырдаря ауданы Жетікөл ауылдық округінде маман заң кеңесшісі лауазымынан бастаған.
Әр жылдары Сырдария аудандық кәсіпкерлік бөлімінде жетекші маман, Сырдария аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, Қызылорда қаласындағы «НТиК» мұнай компаниясында кеден ісінің маманы, Қызылорда қаласындағы тұрғын үйді бөлу, есепке алу және жекешелендіру мекемесінде кадр маманы, Сырдария ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы, Қалжан ахун ауылдық округі әкімі қызметтерін атқарған.
Осы уақытқа дейін Қалжан ахун ауылдық округі әкімі лауазымын атқарып келген.