Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы тағайындалды

Қызылорда қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы тағайындалды

Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Әзірбек Нұрбек Әзірбекұлы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Нұрбек Әзірбекұлы 1981 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді.
2002 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану», 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Сырдария ауданы, Ақжарма ауылдық округі әкімі аппаратының маманы қызметінен бастаған.
2008-2009 жылдары Ақжарма ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2009-2015 жылдары Сырдария ауданы, Ақжарма ауылдық округінің әкімі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы;
2015 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.
23 қыркүйек 2021 ж. 1 602 0