Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы тағайындалды

Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы тағайындалды

Сырдария ауданы әкімі М. Ергешбаевтың 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №297 санды өкімімен Сәдуақасов Алмат Сандыбайұлы Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Алмат Сандыбайұлы 1984 жылы Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, Қазақ Гуманитарлық заң университетін 2006 жылы «заңгер» мамандығын, 2011 жылы «Болашақ» университетінің «экономика» мамандығын аяқтаған.

Еңбек жолын 2003 жылы «Жәрдем» ЖШС директорының орынбасары қызметінен бастаған.

2007 - 2009 жылдары Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты жетекші маман-заңгер;

2009 – 2010 жылдары Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жетекші маман;

2010 – 2011 жылдары Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бас маманы;

2011 – 2012 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;

2012 – 2013 жылдары Сырдария аудандық қаржы бөлімінің бас маманы;

2013 - 2014 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас инспекторы;

2014 – 2015 жылдары Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Сырдария ауданындағы филиалының маманы;

2016 жылдан осы уақытқа дейін Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.

Отбасылы.
03 желтоқсан 2022 ж. 619 0