Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси науқанның жауапкершілігі зор

Саяси науқанның жауапкершілігі зор

Санаулы күннен кейін Сырдария ауданында маңызды саяси науқан өтеді. Аудан тарихында тұңғыш рет аудан әкімін тұрғындар сайламақ. Бүгінде аудан халқы сайлау науқанына қы­зу дайындықта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаевтың қыркүйекте ха­­­­­­­­­­л­ық­­қа жолдаған Жолдауын ыждағаттылықпен тың­дадық. Сонда­ Президент аудан әкімдерін тұр­ғындардың өзі сайлайтынын айтқан еді. Бұл жаңашылдық бірлігі бекем, тірлігі көркем Сырдария ауданынан бастау алмақ. Бұл да болса біздің ауданымыздың еңселі, ауызбіршілігі мол аудан екендігін көрсетіп тұр. Сонымен қатар ауданымыз бұған дейінгі сайлауларда бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келді. Осы ретте, аудан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, алдағы науқанға белсене атсалысуы керек.

Қазір биліктің негізгі бағыты – таңдауды ха­лық­қа жасату болып отыр. Сол арқылы ха­лықтың үніне құлақ асып, көптің нақты пікіріне сүй­е­­­­­­не отырып, іс жүргізеді. Бұл ретте әрбір тұр­ғынның дауысы маңызды. Себебі, сайлауға барып, дауыс беру арқылы біз өзіміздің, келешек ұрпағымыздың кемел келешегіне үлес қосамыз.

Қарап тұрсақ, сайлау деген бір жағынан сая­си науқан болғанымен, бір жағынан мереке ғой. Таңмен таласа сайлау учаскесіне барып, өз таң­дауыңды жасап, көпшілікпен арқа-жарқа болып қайтқанның өзі керемет сезім. Одан кейін ресми жаңалықтарды күтіп, көптің тілеуімен бір басшыны сайлап, сол арқылы елдің дамуына үлес қосасың. Сондықтан жас та, жасамыс та 5 қараша күніне жоспарланған саяси науқаннан құр қалмағаны абзал. Бұл – әркімнің ел мен жер үшін, ауданның гүлденуі үшін қосқан үлесі болмақ.


Абдулла АБИБУЛЛАЕВ,
Қоғалыкөл ауылының еңбек ардагері
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
31 қазан 2023 ж. 195 0