Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бірлігімізді көрсететін кез

Бірлігімізді көрсететін кез

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жол­дауларында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тап­сырған болатын. Сая­­си реформалар аясында елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылды. Енді аудан әкімдерін де халық сайламақ.

Жалпы, кейінгі уақытта Президент тапсырмасына байланысты сайлау жүйесіне көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген сая­си жаңғырудың басты мақсаты азамат­тардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү­сінікті. Бұл бағытта соң­ғы үш жылда атқарылған жұмыс аз емес.

Аудан әкімдерін тікелей сайлау – өзін өзі басқару жүйесінің ма­ңызды бөлігінің бірі. Сондықтан аудан әкімін тікелей сайлаудың нәтижесі өте маңызды. Бұл бір жағынан сайланатын әкімнің іскерлік қарым-қабілетіне, тәжірибесіне және сындарлы сәттерде ел мүддесі үшін тиімді шешім қабылдай алуына тікелей байла­нысты.

5 қараша күні еліміздің 3 қаласы мен 42 ауданында сайлау өтеді екен. Орталық сайлау комиссия­сы мен аумақтық сайлау учаскелеріне жауапты миссия жүктеліп отыр. Кандидаттарды ұсыну сая­­си партиялар арқылы және өзін-өзі ұсыну арқылы жүргізілмек. Халықтың дұрыс таңдау жасап, сайлауға жауапкершілікпен қатысатынына сенемін.

Халқымызда «Бірлігі мықты ел озады» деген сөз бар. «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» дейтін болсақ, аудан халқының сайлау науқанын бірлікпен өткізетініне се­неміз. Ауданда қолға алынған жұмыстар нәтижелі аяқ­талуына, жоспарлы жұмыстардың сапалы жүзе­ге асып, ел игілігіне пайдалануға берілуіне тілек­теспіз.


Сандыбай СӘДУАҚАСОВ,
аудандық қоғамдық
кеңес мүшесі
Фото: ашық дереккөзден
30 қыркүйек 2023 ж. 350 0