Бірлігі мен тірлігі жарасқан ауданның белсенді азаматтары марапатталды

Мызғымас бірлігіміздің, тату тәтті тірлігіміздің, қазақы болмысымыз бен жарқын болашаққа деген халықтың зор сенімінің арқасында сайлауға қатысушылардың саны 93,23 пайызды құрап, аудан үздіктер қатарынан көрініп, облыс бойынша бірінші орынға тұрақтады.
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан күні аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы сындарлы кезеңде азаматтық белсенділігі және ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен әріптестерімізді Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы «Алғыс хатымен» және «Birge: Taza Qazaqstan» акциясын жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан жерлестерімізді марапаттады.
Бүгінгі бас қосуда ел келешегін айқындайтын маңызды саяси науқанға және ауданда жыл көлемінде "Birge - taza Qazaqstan" экологиялық акциясына белсенді қатысқан азаматтар марапатталды.
Ауданда жыл көлемінде "Birge - taza Qazaqstan" акциясы аясында тұрақты түрде жалпы халықтық сенбіліктер өткізілді.
Сенбіліктерге барлық мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындарының белсене қатысуының нәтижесінде, ауданның санитарлық тазалығы аудан тұрғындарымен қонақтары тарапынан жоғары бағаланып келеді.