Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Зияткерлік мектеп директоры тағайындалды

Зияткерлік мектеп директоры тағайындалды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова Қызылорда қаласындағы NIS-тің жаңа директоры Жаңбыржан Бекболатовты педагогикалық ұжымға таныстырды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Жаңбыржан Сәрсенұлы NIS жүйесінде 2009 жылдан бері жұмыс істейді, мамандығы – шет тілі мұғалімі. Семей қаласындағы Зияткерлік мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі, директордың орынбасары, сондай-ақ орталық аппаратта Зияткерлік мектептерді дамыту департаментінде қызмет етті. Елордадағы Халықаралық мектеп директорының орынбасары лауазымында аккредиттеу және CIS-пен ынтымақтастық орнату, оқушылардың жобалық және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті мен мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін дамыту және өзге де маңызды басымдықтармен айналысты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Күләш Ноғатайқызы педагогикалық ұжымды алты жыл басқарған Бақыт Жұматайды NIS жүйесіндегі үздік директорлардың бірі ретінде атап өтті. Бақыт Әмірханұлы үшін жаңа оқу жылы айтарлықтай ерте басталды, ол АҚШ-тағы ең жетекші зерттеу университеттерінің бірі – Michigan State University докторантурасына оқуға түсіп, PhD бағдарламасы бойынша кәсіби білімін жалғастыруда.
15 тамыз 2022 ж. 647 0