Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жұмысымен танысып, ғылыми жобалар сайыстарының жеңімпаз оқушыларымен кездесті.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Наушақызы мен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы бастаған топты мектептің ұжымы қарсы алып, білім беру ұйымының басшысы Бахыт Жұматай Назарбаев Зияткерлік мектеп туралы ақпарат берді.
Қазіргі таңда мектепте 7-12 сыныптар аралығында 682 оқушы жаратылыстану-матиматикалық бағытта үштілде тереңдетілген білім алуда. Мектепте 185 педагогикалық және оларға теңестірілген қазақстандық қызметкерлер және Канада, Филиппин, Уганда, Кения секілді елдерден 7 шетелдік маман жұмыс істейді.
Халықаралық және республикалық пәндік олимпиададан 70-тен аса жүлдегер, роботты техника байқауларынан 21 жеңімпаз дайындаған мектеп 2017 жылы Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) халықаралық аккредитациясынан сәтті өтіп, білім сапасын дәлелдеді.
2018 жылы Ұлыбританияның ұлттық орталығы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme білім бағдарламасын General Certificate of Education A-Level деңгейіне сәйкестігін растады. Бұл түлектердің қазақстандық 10 беделді жоғары оқу орындарына 2-курсқа, ал Германия еліндегі университеттерге университет алды дайындық курсына қатыспай оқуға қабылдануға мүмкіндік берді. Зияткерлік мектептің жетістіктері туралы баяндаған Бахыт Әмірханұлы биылғы 132 түлектердің 100 пайызы жоғары оқу орындарына түскендігін, әлемдегі 8 мемлекеттің білім гранттарын иеленіп, жоғары білім алып жатқандығын айтты.
Сонымен бірге, облыста 44 инновациялық және 2 пилоттық мектепте Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату жұмыстары таныстырылды. Аймақтағы білім саласының даму динамикасын көрген Гүлшара Наушақызы Зияткерлік мектепті аралап көрді.
Мемлекеттік хатшы алдымен бірінші қабаттағы оқушылардың ағаштан жасаған қолөнер бұйымдары, қыш-құмыра бұйымдары, картиналар, фотосуреттер жинақталған шығармашылық көрмесін тамашалап, мектептің оқу үдерісінің ерекшеліктерін көзбен көрді. Нанотехнология кабинетінде Мемлекеттік хатшы өрт сөндіру, криминалистика, медицина салаларына қатысты оқушылардың жасаған қызықты тәжірибелеріне қатысып, нанотехнология зерханасының мүмкіншіліктерімен танысты.
Ал биотехнология кабинетінде қонақтарға ДНҚ тізбегін анықтау, жасанды жолмен ұлпаларды өсіру жолдарын зерттеу, түрлі микробиологиялық синтездерді, генетикалық және клеткалық инженерияны қолдану секілдізерттеу жұмыстары таныстырылып, зияткер оқушылардың өсімдіктерді микроклонды көбейту әдісі туралы ғылыми жоба қорғалды.
Мектептің екінші қабатында ұйымдастырылған көрмеде, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова IT, роботты техника салалары мен химия, биология, тарих пәндері бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімаздарымен кездесіп, аймақты көгалдандыру, туризмді дамыту жайында балалардың ұсынған идеяларын назарға алды.
Оқушылардың бойындағы білім алуға деген құлшыныс пен ел дамуы үшін ғылыми ізденімпаздылығын байқаған қадірлі мейман алдағы уақыттағы оқу және ғылыми ізденістеріне сәттілік тіледі.



28 қыркүйек 2018 ж. 1 020 2

Гость JeaOrer от 21 ақпан 2019 02:25
Cialis Tadalafil Wirkung cialis 5mg best price Revue Priligy Where Can I Buy Onofin Pills Allergic Reaction To Cephalexin

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 07:59
Drug Information online cialis Cialis Viagra Tadalafil Discount Viagra Pills Viagra Dose Minima