Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыста жеңіске жетті

Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыста жеңіске жетті



Астанада стартап технологиялар мен кәсіпкерлік жөніндегі «Моментум» халықаралық жобасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушыларға кәсіпкерлік білім беру мақсатында «Моментум» жобасы қолға алған. Аталған жобаны зияткерлік мектептер мен Тель-Авив университетіндегі Достар ассоциациясы бірлесіп жүзеге асырды. Ондағы мақсат – елімізде стартап индустриясын қалыптастыру.
Аталған жобаны жүзеге асыру барысында елордада сегіз инновациялық жоба таныстырылды. Үш ай ішінде елорданың Зияткерлік және жалпы білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушылары өздерінің бизнес-жобаларын дамыту жолдары бойынша білім алды.
Тіпті олар үшін арнайы мастер-класстар ұйымдастырылды. 3 ай бойы оқушыларға Тель-Авив университетіндегі кәсіпкерлік орталықтың негізін қалаушы Елена Донец, Duco компаниясының менеджері Марина Цимблер, Тель-Авив университетінің профессоры Семен Лицын, әлемдік стартаптардың негізін қалаушы Игорь Нусинович, әрі қазақстандық жас кәсіпкерлер – Арслан Даримов, Мұхтар Қуанышбай, Бағдат Уапов және Дагар Даулетов өз білгендерін үйретті.
Шара аясында оқушылар өз жобаларын ұсынды. Олар - Қазақстан бойынша туристтік маршруттар құру, бөлмедегі өсімдіктерден энергия алу, белгілі шетелдік заттарды елге жеткізу және оларды орнату әрі мобильдік қосымшылар.
Ал «Моментум» халықаралық жобасының жеңімпаздарын Астана қаласы білім басқармасының басшысы Ануар Жанғозин, Тель-Авив университетіндегі Кәсіпкерлік ассоциациасының вице-президенті Сания Арапова, Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің директоры Жұлдыз Сүлейменова, «Атамекен» ҰКП адам капиталын дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев, «Astana Innovations» АҚ маркетинг департаменті директорының орынбасары Жасұлан Кенжеғалиев және «Rocket Study» білім беру орталығының негізін қалаушы, жас кәсіпкер Арслан Даримов анықтады.
Аталған байқауда «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» оқушылары Анель Бекжігіт, Сания Мұханова, Богдан Берлов және Ернар Надырбаев жеңіске жетті.
Дәурен ЕРБОЛАТ
11 желтоқсан 2017 ж. 1 278 0