Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайластықпен күрес салғырттықты көтермейді

Сыбайластықпен күрес салғырттықты көтермейді

«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мем­лекеттік мекемесінің Сырдария аудандық филиалының ұйымдас­тыруымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында сыбайлас жем­қорлық көріністерінің алдын алу мақсатында семинар өтті.
Семинарға мекеме басшысы Р.Түрікбаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы тө­ра­ғасының бірінші орынбасары Е.Жақып, аудан­дық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы және архив қызметкерлері қатысты.
Семинарды ашып, жүргізген мекеме басшысы Р.Түрікбаев сыбайлас жемқорлық көріні­с­терінің алдын алу бағытында мұрағат меке­месі тарапынан атқарылып жатқан жұмыс­тар жайлы хабарлама жасады.
– Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – әрбір аза­матқа, қызметкерге жемқорлық көріністері­нің алдын алу туралы ой тастау. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында азаматтарға қолжетімді, түсінікті, билік органдарының жұмысын неғұрлым тиімді ету үшін электронды үкімет құрылды. Бұрынғы қалыптасқан жағдай, яғни түрлі анықтама алу үшін тұрғындар толып жатқан мекеме табал­дырығын тоздырмайды. Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарда кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжат­тарын алуды жеңілдетіп әрі жылдам алуға мүмкіндік туды, – деді Р.Түрікбаев. Архив басшысы бүгінгі күннің басты талабы барлық мемлекеттік қызметкерлердің заңдарды жақсы білуі, сол арқылы қызметкерлерді заң бұзушылықтан сақтандырып, сыбайлас жемқор­лық көрініс­терінің алдын алу екенін айтты.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Е.Жақып бү­гін­де мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті құқық қорғау органдарының жұ­мы­сы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес­тігіне тоқталды.
– Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша бас­талған әкім­шілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, аза­маттардың құқықтары мен бос­тан­дықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көрі­ністе­рінің алдын алу үшін халықтың құқықтық сауат­сыздығын жоя­­тын, түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Тұрғындар өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігін білуі қажет. Біздің қоғамда сыбайлас жем­қорлыққа орын жоқ. Азамттық қоғамның бар­лық институтының күш-жігерін бірік­тіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады, – деді Е.Жақып.
Аудандық мәслихаттың депутаты А.Ибра­гим­ұлы ауданда сыбайлас жемқорлық бағы­тында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқ­талып, жергілікті БАҚ өкілдері ғасыр індетіне қарсы тұру бағытында ақпараттық жұмыстар жүргізуге әркез дайын екенін атап өтті.

Бибісара ЖАНӘЛІ
20 қараша 2021 ж. 297 0