Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет


Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты міндет болуы қазіргі уақыттың өзекті мәселесі, әрі талабы екендігі баршаға мәлім. Тәуелсіз мемлекетiмiзде осы мәселеге байланысты көптеген игі шаралар мен жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелер де жыл сайын сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алу жұмыстарын күшейтуге бағытталған іс-шараларды өткізуде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халықты әуре-сарсаңға салмай, барынша тиімді әрі оңтайлы көрсетілуі қажет. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық салаларда сыбайлас жемқорлық пен оның көріністерін жою, қоғам мен халықтың мемлекет және мемлекеттік қызметкерге деген оң сенімін нығайту – барлық мемлекеттік қызметкерлерден және еліміздің барша азаматтарынан талап етілетін ең басты міндет. Сырдария аудандық архиві қызметкерлерінің де басты қағидасы – архив ісі барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оны болдырмау.
Сырдария аудандық архиві «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін тиімді көрсетіп келеді. Өткен 2017 жылдың қорытындысы бойынша Сырдария аудандық архивіне «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге байланысты жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1666 сұраныс келіп түсіп, 1065 сұраныс қанағаттандырылып, 601 сұранысқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Барлық сұраныстар өз мерзімінде, яғни 11 жұмыс күні ішінде орындалып жолданды.
Сырдария аудандық архивінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, мемлекетке қатер әкелетін қауіпті құбылыс екенін, онымен күресу баршаның азаматтық борышы екенін әрдайым есте ұстайды.
Ж.Сейілов,
аудандық архивтің архивисі
27 ақпан 2018 ж. 1 513 0