Жылдық жоспарды бекітті
Еліміздегі жетекші саяси күш саналатын «Nur Otan» партиясында өткен жылы ауқымды өзгерістер орын алып, жаңа бағыттағы жұмысқа көшті. Осыған орай, нұротандықтар 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын бекітті. Сол бойынша елімізде, оның ішінде облыс, ауданда нақты атқарылатын жұмыстар көрсетіліп, оны қадағалау, тұрақты бақылау міндеті қойылды.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша қоғамдық кеңестер құрылған. Атап айтқанда, бұған дейін «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комитеті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өз жұмысын жасап келеді. Ал енді бұл қатарға аудандық филиалы жанындағы отбасы, әйелдер және балалар құқығын қорғау мен жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі кеңес, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі және ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес, жастарды қолдау жөніндегі кеңес, экологиялық кеңес, аграрлық секторды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес қосылды. Әр сала бағыттары бо-йынша құрылған қоғамдық кеңес-тер консультативтік-кеңесші орган ретінде нақты практикалық шешімдерді әзірлеуде маңызы зор. Бұл өз кезегінде сайлауалды бағдарламаның нақты жүзеге асуын жан-жақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жақында аудандық партия филиалында осы құрылған қоғамдық кеңестердің отырысы өтіп, оның мақсаттары мен міндеттері айтылды. Кеңестер жұмысы барысында 2021 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді. Бұл бойынша әрбір кеңес төрағалары мен мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін енгізді.
«ТТ» ақпарат