Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Nur Otan» партиясында жиналыс өтті

«Nur Otan» партиясында жиналыс өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясының Сырдария аудандық партия филиалына қарасты «Аманкелді» бастауыш партия ұйымында онлайн жиналыс өткізілді.

Аталмыш жиналысты бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Зейнұр  Жаманқұлов  ашып, жүргізіп отырды. Онлайн жиналыс барысында Зейнұр Қайриддинұлы бастауыш партия ұйымында 2019-2021 жылдар аралығында партиялық жобалар бойынша және пандемия барысында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Бастауыш партия ұйымының онлайн жиналысына қатысқан аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшесі  Жеңісбек Сыздықов Nur Otan партиясы Сырдария аудандық филиалының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы жайлы сөз қозғады. Өз сөзінде Жеңісбек Шәкімбайұлы:

- «Партияның сайлауалды бағдарламасы алдағы 5 жылдықта халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы атқарылатын іс-шаралар кешені басталып кеткендігін»,-атап өтті. Жиын соңында бастауыш партия ұйымының төрағасы Зейнұр Қайриддинұлы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін өткізудің жоспарымен таныстырып өтті.

Сырдария аудандық партия филиалына қарасты 24 бастауыш партия ұйымдарына 2994 партия мүшесі біріктірілген. Сырдария ауданы короновирустық инфекцияның өршуіне орай, қызыл аймаққа ендірілуіне байланысты, жоғарыда аталған жиналыстар онлайн форматта өткізілуде.
19 сәуір 2021 ж. 528 0