Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңестер құрылды

Қоғамдық кеңестер құрылды

«Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Талғат Дүйсебаевтың төрағалығымен аудандық филиалдың Саяси кеңес бюросының отырысы өткізілді. Онлайн режимде өткізілген жиналысқа Саяси кеңес бюросының мүшелері қатысты.

Бюро отырысын ашқан аудан әкімі Талғат Дүйсебаев партияның қоғамдағы орнына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында алатын рөліне тоқталды. Күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, атқарылу тиіс жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып хабарлама жасады. Бірінші мәселе бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары жөнінде өрбісе, екінші мәселеде партия филиалы жанындағы аудандық Қоғамдық кеңес­тердің төрағалары мен құрамдары, кеңес ережелері бекітуге ұсынылды. Үшінші мәселе аудандық партия филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясын шақыру мәселесіне арналды.

Бюрода «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының іске асырылуын бақылауға негізделген аудандық 7 Қоғамдық кеңес құрылды. Бюро шешімімен Жұмабек Ембергенов «Партиялық бақылау» комиссиясы төрағасы болып бекісе, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі» қоғамдық кеңес төрағасы міндетін Шаһарбек Нұрсейітов атқаратын болды. Ал жаңадан құрылған «Аграрлық секторды дамыту жөніндегі кеңес» жұмысына Марат Бисенов жетекшілік етсе, «Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау, жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі кеңеске» Еркебұлан Жақып төраға болып нақтыланды. Сон­­дай-ақ Бағдат Есназар «Білім мен ғы­лымды дамыту және ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңеске», Ақтөре Ибрагимұлы «Жастарды қолдау жөнін­дегі кеңеске», Зейнұр Жаманқұлов «Эколо­гиялық кеңеске» төрағалық ететін болды. Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Гүлсім ӘЛЖАНОВА
20 сәуір 2021 ж. 426 0