Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Онлайн режимде баспасөз мәслихаты өтті

Онлайн режимде баспасөз мәслихаты өтті

Аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов «Whatsapp» мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимде, 2020 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз конференциясына аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшілері қатысты.
Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқта­лып өтті.
Жалпы 2020  жылдың 1 тоқсанын­да 13 қылмыстық іс 15 адамға қатыс­ты қаралып, оның ішінде 9 іс бойынша 10 адамға үкім шығарылған. Ал 2 іс 2 адамға қысқартылса, 1 іс бойынша сотталушыға іздеу жарияланып, 1 іс соттылығы бойынша жолданған. Есепті кезеңде 1 жекеше қаулы қа­был­данған.
2020 жылдың 1 тоқсанында сот өндірісіне 133талап арыз және 3  іс түскен. Есепті кезеңде барлығы 121 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 18 іс бойынша сот бұйрығы, 28 шешім қабылданып, 70 іс өндіріс­тен тоқтатылған, 4 іс қараусыз қалды­рылған және 1 іс соттылығы бойынша жолданған. Есепті кезеңде 38 іс қал­дық­қа қалған.
2020 жылдың 1 тоқсанында ау­дан­дық соттың өндірісіне 55 адамға қатысты 55 әкімшілік іс түскен. 4 іс соттылығы бойынша жолданған, 1 іс қалдыққа қалған.
Түскен әкімшілік істердің ішінде 50 іс 50 адамға қатысты қаралған. 40 адамға әкімшілік жаза қолданылса, 10 адамға қатысты тоқтатылған, 4 іс соттылығы бойынша жолданған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 3 жеке қаулы қабылданған.
Медиаторлардың қатысуымен 16 азаматтық іс, 1 қылмыстық іс, 3 әкім­ші­лік іс қаралған. Сонымен қатар ау­дандық сотта осы тоқсанда Билер ке­ңесінің көмегімен 46 азаматтық іс тоқтатылды. Төрағалық етуші қазіргі таңда барлық істер аудио-бейне жазба арқылы қаралып жатырғанын атап өтті.
Есепті кезеңде«Сот кабинеті» сервисі арқылы 133 талап арыз, 55  әкімшілік іс түскенін атап өтті.
Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
 
Сырдария аудандық сотының
баспасөз қызметі
01 мамыр 2020 ж. 652 0