Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Сот істері аудио-бейнежазба арқылы өткізілуде

Сот істері аудио-бейнежазба арқылы өткізілуде

Сырдария аудандық сотының төрағасы Руслан Ал­дам­бергенов 2020 жылдың 6 айының қоры­тындысы бойынша «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн режимде баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясына жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі, аудан­дық соттың кеңсе меңгерушісі мен тиісті сала мамандары қатысты. Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

2020 жылдың 6 айында 29 қылмыстық іс 33 адамға қатысты қаралып, оның ішінде 18 іс бойынша 20 адамға үкім шығарылған. 6 адамға қатысты 6 іс тоқтатылса, 3 азаматқа қатысты 3 іс соттылығы бойынша жолданып, 3 азаматқа қатысты 2 іс про­куратураға кері қайтарылған. Есепті кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына қатысты 1 жекеше қаулы қабылданған. Сонымен бірге, 2020 жылдың 6 айында 270 талап арыз және 14 іс түскен, 2019 жылдан қалдық болып 18 іс қалған. Есепті кезеңде барлығы 270 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 27 іс бойынша сот бұй­рығы, 72 шешім қабыл­данып, 157 іс өндірістен тоқтатылған. 12 іс қараусыз қалдырылған және 2 іс соттылығы бойынша жолданған.

2020 жылдың 6 айында аудандық соттың өнді­рісіне 135 әкімшілік іс түскен. Түскен әкімшілік істердің ішінде 131 іс 131 адамға қатысты қаралған. 4 іс соттылығы бойынша жолданған, 106 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 25 адамға қа­тысты тоқтатылған. Қаралған әкімшілік істер бойын­ша 8 жеке қаулы қабылданған.

Сырдария аудандық сотында «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы аясында Билер кеңесінің көмегімен ағымдағы жылдың бірінші жарты­жылдығында 108 азаматтық іс 5 жұмыс күні ішінде тоқтатылды. Төрағалық етуші қазіргі таңда барлық істер арнайы аудио-бейне жазба арқылы қаралып жатқанын атап өтті, есепті мерзімде бар­лық істер 100% осы аталған жүйе арқылы қаралған.

Есепті мерзімде «Сот кабинеті» сервисі арқылы 263 талап арыз, 135 әкімшілік іс түскен. Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы баспасөз конференциясына қатысу­шы­лар­дың сұрақ­­­тарына жауап берді.

Ердос БЕРКІНБАЕВ 
21 шілде 2020 ж. 612 0