Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетістікке толы жыл

Жетістікке толы жыл

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 45 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Р.Рүстемов, аудандық мәс­лихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихаттың жауапты қызметкерлері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде екі мәселе қара­лып, «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №253 шешіміне өзгерістер енгізу және Сырдария ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғ.Акбаров хабарлама жасады.
Сессия барысында аудан әкімі Руслан Рүстемов мәслихаттардың құрылғанына 25 толуына орай ширек ғасырдың ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге атсалысқан Қаржау Жұмахметовке ҚР Парла­менті Сенаты төрағасының Алғыс хатын табыс етті. Мұнан бөлек жергілікті кәсіпкер, «Углесбыт» серіктестігінің директоры Расул Есенов облыс әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасы Қуанышбек Ысқақовтың Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға қайырымдылық қолдау көрсетіп келе жатқан халық қалаулысы Расул Әбутәліпұлына «Үздік демеуші» аталымы бойынша «Сыр жанашыры» атағы табысталды.
Өз кезегінде марапат иелері сессияға қаты­сушыларды жылдың жемісті қорытындылануы­мен құттықтап, ризашылықтарын білдірді.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
19 желтоқсан 2019 ж. 1 447 0