Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
Дегенмен, көлікті масаң күйде жүргізген жүргізуші үшін тағайындалатын жаза қаншалықты қатал болса да, ішімдік ішіп көлік жүргізу әрекеті тыйылмай келеді.

Мәселен, Сырдария аудандық сотында көлік басқару құқығынан айырылса да, заң талаптарын елемей, көлік тізгіндеген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 6-бөлігі бойынша М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат М. көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра, 22 ақпан күні автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде тізгіндеген. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежелі алкогольді масаң күйінде болған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен М. жасаған құқық бұзушылығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Мас жүргізуші өз өміріне қауіп төндіріп қоймайды, сонымен қатар айналасындағылардың да өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан да, ішімдік ішіп көлік басқару орны толмас қайғыға себепші болатынын естен шығармайық.

Сырдария аудандық соты
Фото:Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
26 ақпан 2025 ж. 103 0