Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Алайда, одан қорытынды шығармай, сот қаулысымен белгіленген шектеулерді орындамай, заң талаптарына немқұрайлықпен қарайтындар да бар.

Мәселен,Сырдария аудандық аудандық сотында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаға қатысты, автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылды.

Азамат Н. соттың 19.09.2022 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, қайта алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның мастық деңгейі алкогольдік масаң күйінің орта дәрежесі екені анықталған.

Сот үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне еңбеген.

Сырдария аудандық соты
12 қараша 2024 ж. 80 0