Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Масаң күйде көлік басқарған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Масаң күйде көлік басқарған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазіргі қоғамда қызу пікір талас тудыратын өзекті мәселелердің бірі – ол жүргізушілердің мас күйінде көлік құралын жүргізу болып табылады.

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Cот отырысында құқық бұзушы азамат Е. Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы, А.Есентұров көшесінің бойымен автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарғанын мойындады. Азамат Е.-ның мас болу фактісін анықтау үшін сараптама қорытындысымен «жеңіл» дәрежелі алкогольді мас күйін көрсеткен.

Сот қалысымен азамат Е. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды.

Сырдария аудандық соты
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
15 қаңтар 2025 ж. 358 0