Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін әкесінен алимент өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды

Кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін әкесінен алимент өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды

Сырдария аудандық сотында борышкер А-ға қатысты азаматтық іс қаралды.

Өндіріп алушы К. сотқа арыз беріп, борышкер А. есімді азаматпен екеуі 2011 жылы заңды некеге тұрып, араларында төрт балалары бар екендігін көрсеткен. Қазіргі уақытта борышкер баласына материалдық көмек көрсетпейтінін, сондықтан алимент өндіріп беруді сұраған.

Іс материалдарынан анықталғандай тараптар арасында кәмелетке толмаған баланы асырап-бағу туралы келісім болмаған.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 135 бабына сәйкес, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті және күтіп-бағудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды. Осы заңның 138 бабының талабына сай алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын өндіріп алады.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңының 139 бабына және АПК ‑нің 140 бабының талаптарына сай, сот азаматша К-ның пайдасынабалаларыкәмелет жасқа толғанша асырап бағу үшін  ай сайын табысының немесе өзге де кірісінің төрттен бір бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото:Н.НҰРЖАУБАЙ
11 қараша 2024 ж. 74 0