Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Алимент төлеуден жалтарғаны үшін сот залында әкімшілік қамаққа алынды

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін сот залында әкімшілік қамаққа алынды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс бойынша С. кәмелетке толмаған балаларын асырап бағу үшін өндіріп алушы Е.-ның пайдасына алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындаудан жалтарып, 4 995 006 теңге көлемінде алимент бойынша берешегі жинақталған.

Сот отырысында С. сот бұйрығы шығарылғанын білетінін, жұмысы болмауына байланысты алимент бойынша міндеттемелерін орындай алмағанын көрсетті.

Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,
3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
08 қазан 2024 ж. 330 0